Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегінің мерзімі белгілі болды
DAR Team командасының бас жаттықтырушысы Эдуард Базров NAIZA.tv жобасына берген сұхбатында 2025 жылдың ақпан айының соңында Асу Алмабаевтың октагонға оралатыны туралы жариялады, деп хабарлады Sport+.
«Асу дайын, бірақ мен UFC оны тағы бір рет тексере алатынын білемін, үміткерлік жекпе-жегін өткізуі мүмкін. Біз ақпан айының соңында дайын болуымыз керек, нақты күні мен қарсыласы белгілі болғанша келіссөздер жүргізілуде, бірақ жекпе-жек Рамадданға дейін болатыны 100%. Біз дайындаламыз, Асу — Пантожа үшін өте ыңғайсыз қарсылас: біздің жауынгер жақсы дем алады, күресті сезінеді. Әркімнің өз уақыты, өз деңгейі бар. Бірақ оған жету үшін 1-2 жекпе-жек қажет болуы мүмкін, біз жұмыс жасаймыз, әрі қарай бәрі Алла Тағаланың қолында», - деді Базров.