Рахмонов Гэрримен ауыр жарақаттан кейін төбелесті ме?
Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов ирландтық қарсылас Иэн Гэрримен UFC-дегі соңғы жекпе-жегінде жарақатын емдеп болғаннан кейін төбелескені белгілі болды, деп хабарлайды Sport+.
Бұл туралы ақпаратты Sportkor Instagram-парақшасы таратты. Олар әлеуметтік желілерде 14 қазанда түсірілген видеоны жариялады. Онда Шавкат саусағын сындырғанын мойындайды: «мен қазір тез жүре алмаймын және жылдам қимыл жасай алмаймын. Бұл спорт, мұнда жарақаттар болады», - деді Шавкат.
Естеріңізге сала кетейік, Рахмонов Гэрриді төрешілер шешімімен жеңді.