logo

«Твенте» мен ПСВ матчы тікелей эфирде

«Твенте» мен ПСВ матчы тікелей эфирде

24 сәуірден 25 сәуірге қараған түні Эредивизидің 30-туры аясында «Твенте» мен ПСВ командалары арасында матч өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Алаң иелері Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама беретін мини-турнирге қатысу үшін күресіп жатыр. Алайда соңғы нәтижелер көңіл көншітпейді: соңғы бес матчта екі жеңіліс, екі тең ойын және бір ғана жеңіс — бұл «Твенте» жанкүйерлерінің қазіргі шындығы.

ПСВ наурыз айындағы сәтсіз кезеңнен кейін өз ойынына қайта келе бастады. «Гронинген» мен «Алмере Сити» командаларын жеңіп, эйндховендік клуб қатарынан үшінші жеңіске ұмтылып жатыр.

Бірінші айналымда ПСВ 6:1 ірі есебімен жеңіске қол жеткізген еді.

Бұл кездесудің тікелей көрсетілімін sportplustv.kz сайтынан 00:00–де тамашалай аласыздар.



Күн шежіресі