«Милан» Италия кубогының финалына шықты (видео)

«Милан» Италия кубогының жартылай финалының жауап матчында өз көршілері «Интерді» 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Голдардың авторлары Лука Йович (дубль) және Тиджани Рейндерс атанды.
Финалда Консейсау шәкірттерінің қарсыласы «Эмполи» мен «Болонья» жұбының жеңімпазы болады.