Түркияда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды
Анкарада тоғызқұмалақтан VIІ Әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport+.
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының мәліметінше, чемпионатқа 14 елден 100 жуық спортшы қатысуда.
Тоғызқұмалақтан әлемнің мықтысы Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Өзбекстан, Румыния, Түркия, Испания , Франция, Чехия , Украина, Грузия, Венгрия, АКШ секілді елдер арасынан анықталады.
VII Әлем чемпионатында еліміздің намысын жарыстың классика түрінен – Бостандықов Бексұлтан (ХДСШ), Асылхан Қожанәсіп (ХДСШ), Мөлдір Серікқызы (ХДСШ), Далиева Әсел (ҚРЕССШ), рапид түрінен – Темірбаев Ғалымжан (ҚРЕССШ), Ерасыл Ауталипов (ҚР СШ), Далиева Әсел (ҚРЕССШ), Аяна Исахан (ҚР СШ), блиц түрінен – Асет Қайыржанов (ҚРЕССШ,), Жарасхан Сагинбаев (ХДСШ), Намаз Ақбота (ҚР СШ), Салман Аружан (ҚР СШ) қорғайды.