logo

Президент іс басқармасы қызметкерлері арасында тоғызқұмалақ ойынынан турнир басталды

Президент іс басқармасы қызметкерлері арасында тоғызқұмалақ ойынынан турнир басталды

Бүгін елордада ҚР Президентінің Іс басқармасы мен бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің арасында тоғызқұмалақтан дәстүрлі турнир басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында ұйымдастырылып жатқан жарысқа ҚР Президенті Іс басқармасының, Медициналық орталықтың, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясының, Президенттік орталықтың, ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының, Автошаруашылықтың, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының, Инженерлік-техникалық орталықтың, Президент Телерадиокешенінің командалары жарысқа қатысып жатыр.

Бүгін тоғызқұмалақ бойынша дәстүрлі турнирімізді өзкізіп жатырмыз. Тоғызқұмалақ өте қызықты әрі терең ойлауды талап ететін, халқымыздың даналығын көрсететін ұлттық ойындардың бірі.

Бұл ойын қазір елімізде кең тарап, дамып келеді. Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетке қазақ ұлтының қосқан үлесінің жарқын үлгісінің бірі. Бұл ретте, 2020 жылы тоғызқұмалақ ойыны ЮНЕСКО-ның адамзаттың мәдени мұрасы тізіміне енгізілгенін атап өткен жөн.

Бүгін турнирге қатысуға 10 команда жиналып отыр. Қатысушыларға алғырлық, ұйқыр ой және сәтті ойын тілеймін! - деді ҚР Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы Серік Кенжебаев.