logo

Тоғызқұмалақ аллеясы ашылды

Тоғызқұмалақ аллеясы ашылды

Түркістан қаласындағы этноауылда тоғызқұмалақ аллеясы ашылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Енді қала қонақтары мен тұрғындары ашық аспан астында тоғызқұмалақ ойнай алады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау мақсатындағы игі бастамаға Түркістанның тумасы, тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Раманқұлов ұйытқы болып отыр.

Дүниежүзілік және Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті, қоғам қайраткері Әлихан Байменов өз сөзінде бұл шара зияткерлік пен дәстүрді тоғыстыратын тоғызқұмалақ спорт түрінің рухани шаһарда қарқынды дамуына жол ашатынын айтты.



Күн шежіресі