Теңге ілуден алғашқы жарыс күнінде түркістандық спортшылар топ жарды
Шымкенттегі орталық ипподромда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында теңге ілуден II Азия кубогы басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлағандай, байрақты бәсекеде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Моңғолия және Тәжікстаннан келген спортшылар теңге ілудің 3 стилі бойынша бақ сынап жатыр.
Алғашқы жарыс күнінде Түркістан облысының жігіттері жеңімпаз атанды.
Бірінші жарыс күнінің қорытындысы:
1-орын - Рахат Қамбаров (Түркістан облысы)
2-орын - Ғалымжан Ізжанов (Түркістан облысы)
3-орын - Қанат Бақтыбай ( Түркістан облысы)