Тимур Турлов қауесеттерге қатысты тоқетерін айтты
Банкир және бизнесмен Тимур Турлов Қазақстан футбол федерациясын басқару ниеті жайында тараған ақпаратқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
«Мен де «телеграм»-арналарды оқып таң қаламын. Біз айналысып жүрген өте қызық жұмысымыз бар. Бар назарым QJ League жобасында және балалар және жасөспірімдер футболын дамыту басты міндеттеріміздің бірі деп ойлаймын», – деді Турлов.
Естеріңізге сала кетсек, көптеген медиа миллиардердің футбол федерациясын басқаруға құлшынысы бар деген хабарлама таратты. Аталмыш ұйымның қазіргі президенті Әділет Барменқұлов 2022 жылдың ақпан айынан осы қызметте.