logo

«Ақтөбе» OLIMPBET-Қазақстан Кубогының финалына шықты

«Ақтөбе» OLIMPBET-Қазақстан Кубогының финалына шықты

«Ақтөбе» OLIMPBET-Қазақстан Кубогының екінші финалисі атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Батыстық клуб өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жеткен соң, Семейге фаворит ретінде аттанды. Дегенмен «Елімай» лайықты қарсылық таныта алды.

Матч 2:1 есебімен «Елімайдың» пайдасына шешілді. Семейліктер сапынан доп соққандар: Роман Муртазаев және Дмитрий Шомко. Ақтөбеліктер қатарынан гол авторы – Максим Самородов.

Бұған дейін басқа матчта «Атырау» ел кубогының финалына шыққан еді.



Күн шежіресі