logo

«Ордабасы» Чемпиондар Лигасындағы тағы бір қарсыласы белгілі болды

«Ордабасы» Чемпиондар Лигасындағы тағы бір қарсыласы белгілі болды

«Ордабасы» 2024/25 Чемпиондар Лигасы іріктеуінің алғашқы айналымында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда қай клубпен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды  Sport Plus Qazaqstan. 

Қазақстандық клубтың бұл жолдағы қарсыласы  «Клаксвик» (Фарера аралдары) — «Дифферданж» (Люксембург) жұбында жеңіліске ұшыраған команда болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, Чемпиондар Лигасының алғашқы айналымында шымкенттіктер молдавиялық «Петрокубпен». Матчтар 9–10 шілде және 16–17 шілде күндері өтеді. Алғашқы ойын Шымкентте, қарымта матч сырт алаңда ұйымдастырылады.