Тимур Рудосельский армяндық «Веста» құрамына қосылды
Қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский армяндық «Вест» клубының құрамына қосылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
30 жастағы футболшы осы маусымды Қазақстанның Бірінші лигасындағы «Екібастұз» клубының сапында бастаған.
Бұған дейін ол «Оқжетпес», «Ақтөбе», «Қайрат», «Жетісу», «Қайсар», «Тұран», израильдік «Хапоэль» Петах-Тиква және армениялық «Лори», «Севан», «Нораванк», «Алашкерт» клубтарында ойнаған.