«Ақтөбе» Джикия мен Дзюбаға қызығушылық танытуда
«Ақтөбе» бас бапкері Дмитрий Парфенов ресейлік ойыншыларға қызығушылық бар ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Артем Дзюба мен Георгий Джикия еркін агент ретінде жүр.
«Дзюба мен Джикия «Ақтөбеге» қызықты болуы мүмкін. Алайда, бізде легионерлердің өтініші толығымен жасақталған — қазіргі маусымнан бастап Қазақстанда ресейліктер мен беларусиялықтар легионер болып саналады», — деді Парфенов.
Айта кетейік, Георгий Джикия өткен маусымда РПЛ-де «Спартак» сапында өнер көрсетсе, Артем Дзюба «Локомотивте» ойнаған.