Максим Самородов: Мен «Ахматтың» турнир кестесінің шыңында болғанын қалаймын
«Ахмат» шабуылшысы Максим Самородов грознендік клубпен келісімшартқа қол қойғаннан кейін клубтың баспасөз қызметіне алғашқы сұхбат берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
– Максим, «Ахматқа» қош келдіңіз. Біздің командаға ауысқаннан кейінгі алғашқы әсерлеріңіз қандай?
– Алғашқы әсерлерім тек оң болды. Мен бапкерлік штабпен таныспын, команда мені жақсы қабылдады. Ұжым керемет. Осы жігіттермен бірге чемпионатта үлкен жетістіктерге жете аламыз деп ойлаймын.
– Біздің клубтың қызығушылығы туралы қалай білдіңіз?
– «Ахматтың» қызығушылығы туралы бас бапкер Магомед Мусаевич Әдиевтен білдім. Ол маған жеке қоңырау шалып, мені өз командасында көргісі келетінін айтты. Ойланып жатпастан заттарымды жинап, осында келдім.
– «Ахматта» қандай мақсаттар қоясыз?
– Мақсаттар туралы айтатын болсақ, мен «Ахматтың» турнир кестесінің шыңында болуын қалаймын. Бұл мақсатқа жету үшін командаға қолымнан келгенше көмектесіп, алаңда бар күшімді саламын.