«Ақтөбе» бұрынғы ойыншысы Манучарян: «Пюник» қайтадан жеңіске жетудің жолын табады
«Ақтөбе» және Армения құрамасының бұрынғы қорғаушысы Армен Манучарян Sport Plus Qazaqstan сайтына «Пюник» пен «Ордабасы» арасындағы Конференция Лигасының жауапты матчына болжамымен бөлісті:
«Бірінші ойын сияқты, бізді тағы да шиеленісті матч күтіп тұр деп ойлаймын. Екі команда тең дәрежеде ойнайтын болса да, «Пюник» қайтадан жеңіске жетудің жолын таба алады деп ойлаймын. Есеп 2:1 алаң иелерінің пайдасына болады».
Манучарян Қазақстанда 2021 жылы ойнаған. Қазіргі уақытта Армения чемпионатында «Алашкерт» клубында өнер көрсетеді.