Тимур Рудосельский: «Ақтөбеден» не үшін кеткенімді түсінбедім
Қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский өзінің Instagram парақшасында «Ақтөбе» командасымен қоштасқаны туралы жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Достар, «Ақтөбемен» қоштасатын уақыты та келді. Қысқа уақыт ішінде осы қала мен командаға қатты бауырласып үлгердім. Бәрі тым жылдам және күтпеген жағдайда болды, екі қысқы дайындықтан кейін үйге сенімді түрде қайтып, маусымға дайындалып жатқан едім. Не болғанын түсінбедім. Ешқандай шындықты естімедім.
Тек Ақтөбе қаласына қонақжайлығы және мені жылы қабылдағаны үшін алғыс айтқым келеді. Қаладағы футболға деген махаббат шын мәнінде өте әсерлі. Клубтың барлық мақсаттарына жетуін және жанкүйерлерді қуантуын тілеймін, олар бұған лайық! Кездескенше, ақ-қызыл отбасы», — деді ойыншы Intagram парақшасында.