«Фенербахче» чемпиондыққа таласты жалғастыруда (видео)

«Фенербахче» Суперлиганың көшбасшысы «Галатасарайды» қуып жетуді жалғастыруда, деп хабарлайды Sport+.
Моуриньюдің шәкірттері 31-турда «Сивасспорды» сырт алаңда 3:1 есебімен жеңді. «Фенербахче» сапында Душан Тадич дубль жасап, тағы бір голды Талиска соқты. «Сивасспордың» жалғыз голын Эфкан Бекироғлу еншілеп отыр.
Осы жеңістен кейін «Фенербахче» 82 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұр. Ал «Галатасарай» 84 ұпаймен бірінші орында келеді. «Сивасспор» 44 ұпаймен тоғызыншы орында орналасқан.