logo

Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 58 ел қатысады

Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 58 ел қатысады

Биыл елімізде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жоспарланып отыр. Оған қатысуға әлемнің 58 елі ниет білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, Премьер-Министрдің өкімімен ұйымдастыру комитеті құрылған. 

Қазір V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу жөнінде дайындық жүріп жатыр. «Қазспортинвест» АҚ базасында ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы құрылды. Ал, 10 қаңтарда ВИК стилінде қаланы безендіру бағдарламасы басталды. Осы кезге дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 58 ел қатысатынын растады, - деп мәлім етті Аида Балаева. 



Күн шежіресі