Теңге ілу федерациясы көшпенділер ойынына дайындықты бастады
Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде Ұлттық спорт қауымдастығының теңге ілу федерациясы өңірлік теңге ілу спортының жаттықтырушыларымен кеңейтілген алқа отырысын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Отырыста федерация президенті Амангелді Әбдіқадыров федерацияның өткен жылғы жұмысын қорытындылап, 2024 жылы республикалық және халықаралық деңгейде өтетін шараларға тоқталды.
Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев барлық федерацияларға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынын жоғары деңгейде өткізуге дайындықты күшейту міндеті тұрғанын атап өтті.
Отырыста теңге ілу спортын одан әрі дамыту және ойын ережелерін нақтылы жүйеге келтіріп, жетілдіру жағы да сөз болды.