logo

Президент Көшпенділер Ойындарының маңызын атап өтті

Президент Көшпенділер Ойындарының маңызын атап өтті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомар Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында биыл елімізде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны жайында айтты.

Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу де еліміз үшін айтулы оқи­ға болмақ. Байрақты бәсеке ұлттық спорт пен саламатты өмір салтын дәріп­теу жағынан да, Ұлы даладағы көш­пенділер өркениетінің мұрагері саналатын бауырлас халықтардың мәдени-гуманитарлық байланысын арттыру тұрғысынан да маңызды екені сөзсіз.

Естеріңізге сала кетсек, Астанада 2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 8-15 қыркүйек аралығында өтеді. 100-ден астам мемлекеттен 4 000-ға жуық спортшы қатысады. Жарысты өткізуге 8 миллиард теңге бөлінді.