Струмия «Ақтөбемен» келісімшартты ұзарту туралы: Клубтың бір бөлігі болғаныма қуаныштымын
«Ақтөбенің» вице-капитаны және жартылай қорғаушысы Леонель Струмия клубпен келісімшартты ұзарту туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
- Тағы бір маусымды Ақтөбеде өткізетініме қуаныштымын. Үлкен клубтың бір бөлігі болғаныма қуаныштымын! Мен отбасыммен сөйлестім, біз мұнда тағы бір жыл өткізгім келеді деп шешім қабылдадық, – деді Струмия клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбатында.
31-жасар аргентиналық ойыншы «Ақтөбеде» 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда Струмия команда сапында 30 матч өткізді.