logo

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Универсиада жүлдесін иеленді

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Универсиада жүлдесін иеленді

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада Қазақстан құрамасы шорт-тректен қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып. 

Қазақстандықтар 2 мың метрлік қашықтықта аралас сында аса тартысты бәсекеде үздік үштікке ілікті. Аталған жарыста ел намысын Алина Әжіғалиева, Мәлика Ермек, Яна Хан, Валерий Клименко және Дінмұхамедалдияр Тәжібай қорғады. 

Қазақстандықтар 2:44.815 уақытпен мәре сызығын үшінші болып қиды. Оңтүстіккореялықтар чемпион атанса, қытайлықтар күміс жүлдеге ие болды.

- Бәсеке өте жоғары болды. Команда бәріне әзір еді. Бірінші орынға да таласуға болар еді. Тактикалық, бәлкім, дене дайындығы жағынан сәл жетпей қалды, - деді жарыстан кейін Алина Әжіғалиева.

Осылайша, қазақстандықтар универсиадада 13-інші медальді жеңіп алды.



Күн шежіресі