Қазақстандық шорттрекші қыздар әлем кубогі кезеңінде күміс алды
Нидерланд корольдігінің Херенвен қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем кубогінің 3-кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Спорттық дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қыздар арасындағы 3 мың метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болды.
Ел намысын Алина Әжіғалиева, Полина Омельчук, Анастасия Астраханцева, Зейнеп Құмарқан және Гүлдана Жалмұхан қорғады.
А тобы, финал:
Оңтүстік Корея – 4:17.683 секунд,
Қазақстан – 4:19.480,
Нидерланд – 4:33.236.
Алина Әжіғалиева мен Гүлдана Жалмұхан – батысқазақстандық шорттрекшілер.