Соккадан Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде екі жыл қатарынан чемпион атанды
Молдова астанасы Кишинёв қаласында өткен соккадан халықаралық «Socca EuroCup-2024» турнирінде Қазақстан құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ел құрамасы финалда Хорватиямен шеберлік байқасып, қарсыласын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Олардың қатарынан Абай Елемесов 2, Бекруз Пишкар 15-минутта мергендік танытты.
Ал Талгат Өтепбергенов 39-минутта ойынның нүктесін қойды.
Осылайша Қазақстан құрамасы екі жыл қатарынан аталған турнирде жеңімпаз атанды.
Былтыр ел құрамасы финалда Румынияны қапы қалдырып кетті.
Соканың кіші футболдан ерекшелігі ойыншылар саны мен алаңның көлеміне байланысты. Кездесу екі құрамада алты-алты ойыншыдан 20 минутқа созылады.
Ел құрамасы биыл финалға дейін Испания (2:1), Германия (1:1, пенальтиден - 2:1) орта жолда қалдырды. Топтық кезеңде Италия (3:0), Кипр (5:1) және Оман (3:2) құрамаларын жеңді.