logo

Футболдан бірінші лигада «Екібастұз» командасы көш басына шықты

Футболдан бірінші лигада «Екібастұз» командасы көш басына шықты

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінде алтыншы турында «Екібастұз» командасы көш басына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Екібастұздық футболшылар алтыншы турда сырт алаңда «Түркістан» клубынан 3:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. 

Ал «Оқжетпес» командасы өз алаңында Өскеменнің «Алтай» клубын 2:1 жеңсе, алматылық «Қайрат-2» сырт алаңда «Ақтөбе-2» ұжымын 3:0 есебіен тізе бүктірді.

Ал қызылордалық «Қайсар-2» мен Түркістан облысының «Арысы» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

10 мамырда, яғни бүгін «SD Family» мен «Ақжайық», «Хан Тәңірі» мен «Тараз», «Жетісай» мен «Каспий», «Қыран» мен «Ұлытау» командалары кездеседі.



Күн шежіресі