Магомед Адиев: «Ахматпен» жұмысты жалғастырғым келеді
«Ахмат» бас бапкері Магомед Адиев Грозный клубындағы болашағы жайлы ойымен бөлісті. Адиев «Ахматпен» жұмысты жалғастырғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Адиев «Ахматты» 5 сәуірден бастап жаттықтырып жүр. Оның клубпен келісімшарты 2023/24 маусымының соңына дейін есептелген.
«Клубтағы жұмыс құрамамен жұмыс істеуден басқаша. Менің болашағым туралы айту қиын, бірақ мен «Ахматпен» жұмыс істеуді жалғастырғым келеді», — деді Адиев.
«Ахмат» 32 ұпаймен турнир кестесінде 10-орында тұр. Грозныйлықтар РПЛ-да қатарынан төрт рет жеңіске жетті.