logo

Сергей Ташуев: Самородов – өте қабілетті жігіт, «Ахмат» ТОП-5-ке ұмтылуы керек

Сергей Ташуев: Самородов – өте қабілетті жігіт, «Ахмат» ТОП-5-ке ұмтылуы керек

«Ахмат» клубының бұрынғы бас бапкері Сергей Ташуев қазіргі Ресей чемпионатындағы командасының болашағы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

«Ахмат» мәртебесі мен футболшылар деңгейі бойынша қатты көтерілді. Қазіргі уақытта Иван Олейников пен басқа да жетекші ойыншылары ойнамай жатыр. Сонымен қатар, Хариннің ахилл жарақатынан қашан қалпына келетіні белгісіз. «Ахмат» күшейді. Қазір Исмаэла қайта оралды, тағы да Самородов деген шабуылшыны алды. Ол өте қабілетті жігіт. Команда топ-5-ке ұмтылуы керек. «Ахмат» өзінің деңгейімен, футболға деген көзқарасымен турнирлік кестеде жоғары болуға лайық. «Краснодар» секілді, - деді белгілі бапкер.