Шавкат Рахмонов Белал Мұхаммадпен қашан төбелесуге дайын болатынын айтты
Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов Иэн Гэрримен өткен жекпе-жектен кейін ұйымның баспасөз-мәслихатында Белал Мұхаммадпен чемпиондық жекпе-жек қашан өткізуге дайын болатындығын айтты, деп хабарлайды Sport+.
«Мен чемпиондық атаққа келесі үміткермін. Келесі жылдың сәуір–мамыр айларында Белал Мұхаммадпен кездесемін деп үміттенемін», -деді Рахмонов.
Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңді.