Атырау облысы күрес федерациясының президенті UFC турнирінде төбелесіп қалды
Атырау облысы күрес федерациясының президенті Арман Тугаев Шавкат Рахмонов — Иэн Гэрри жекпе-жегінің алдында T-Mobile аренасында UFC жауынгерімен төбелесіп қалды, деп хабарайды Sport+.
Жанжалға қатысушылар: бизнесмен, Атырау облысы күрес федерациясының президенті Арман Тугаев және UFC жауынгері Деннис Бузукья (UFC-де 1-3). Бузукья бүгін Алжамейну Стерлингке бұрышында көмектесті. Жандалға араласқысы келген UFC чемпионы Мераб Двалишвилиді күзет тоқтатты.
ММА айналасында 2022 жылдың жазында Тугаевтың есімін есіңізде болу керек: Атырауда өткен турнирде ол жауынгер Хабиб Нұрмағомедовпен бірге жүріп, полиция қызметкерін итергені үшін 15 тәулікке қамауға алынған болатын.