logo

Санатәлі Төлтаев әуесқойлар арасында өнер көрсетеді

Санатәлі Төлтаев әуесқойлар арасында өнер көрсетеді

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев 17 желтоқсанда Қарағандыда өтетін Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Sport+.

25-жасар боксшы 2023 жылы кәсіпқой деңгейге ауысып, екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. Қарағандыдағы жарыста Санатәлі Маңғыстау облысы атынан өнер көрсетеді.

Оның алғашқы қарсыласы Жәнібек Көшкінбаев болды.

Қарағандыда өтетін бокстан Қазақстан чемпионатын Sport+ Qazaqstan телеарнасында тікелей эфирде көруге болады. 



Күн шежіресі