Салмақ өлшеу рәсімінде шашын кескен: UFC-дің ең сымбатты аруы
Аралас жекпе-жек шебері Трейси Кортес Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялаған жаңа суреттерімен жанкүйерлерін таңдай қақтырды, деп хабарлайды Sport +.
Трейси Кортес UFC-дің әйелдер арасындағы жеңіл салмақ дәрежесіндегі үздік спортшылар рейтингінде 12-орында тұр.
Жақында спортшы Канадаға барып, сол жерден ММА жанкүйерлерін ғана емес, жалпы оқырмандарын таңдай қақтырған бірнеше суретін жариялады.
30 жастағы спортшы Трейси Кортес кәсіби мансабында 13 жекпе-жек өткізіп, оның 11 мәрте жеңіске жеткен.
Сондай-ақ осы жазда америкалық спортшы салмақ өлшеу рәсімі кезінде белгілі шектен асып кетпеуі үшін бір тал шашын кескен болатын.