logo

«Усман — келесі ықтимал қарсылас». Американдық журналист Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммадтың арасындағы жекпе-жектің өтпеуі туралы

«Усман — келесі ықтимал қарсылас». Американдық журналист Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммадтың арасындағы жекпе-жектің өтпеуі туралы

Америкалық журналист және ММА бойынша сарапшы Кевин Иол Sport+ сайтына берген сұхбатында Белал Мұхаммад денсаулығына байланысты қазақстандыққа қарсы шығудан бас тартқаннан кейін Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке басты үміткер кім екенін айтты.

Рахмонов 7 желтоқсанда Белал Мұхаммадпен чемпиондық атақ үшін төбелесу керек еді, бірақ аяқ инфекциясына байланысты соңғысы жекпе-жектен бас тартты. Қазір UFC Мұхаммадтың орнын басатын жауынгерді іздеуді. 

 «Олар Шавкатты күтуге мәжбүр етуі мүмкін, себебі Белал алты апта ғана емделеді деп күтілуде. Сондықтан қос жауынгер ақпан айында жекпе-жек өткізе алады. Бірақ егер UFC Шавкатты жекпе-жекке шығарса, менің ойымша, бұрынғы жартылай орта салмақтағы чемпион Камару Усман — ең ықтимал қарсылас», — деді Иол.

Сондай-ақ, сарапшы жекпе-жектің өтпеуі Рахмоновқа қалай әсер етуі мүмкін екенін түсіндірді. 

 «Менің ойымша, бұл көп әсер етпейді. Олар салмақ тастай бастаған жоқ. Олар кәсіпқойлар және бәрін жақсы орындайды», — деді журналист.

Рахмоновқа қарсы төбелесуге ниеті білдіргендердің ішінде UFC-дің әйгілі жауынгері Колби Ковингтон бар болатын.