Қазақстан Азия Пара ойындарында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында жеңіс тұғырының биігінен көрінді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Тасжолдағы велоспорттан ерлер арасында В санатында Наиль Ермұханбет 65 шақырымды 2 сағат 1 минут 21 секундта жүріп өтіп, алтыннан алқа тақты. Ал Кирилл Илюкевич 2 сағат 11 минут 42 секунд нәтижемен күміс жүлдегер атанды.
Әйелдер арасында 55 шақырым қашықтықта Анастасия Калаус 2 сағат 5 минут 47 секунд уақыт көрсеткішімен алтын медаль жеңіп алды. Жұлдыз Қайнарова 2:09.43 уақыт нәтижесімен күміс медальға ие болды.
Сондай-ақ бүгін, 23-ші қазанда Азия Пара ойындарында пара пауэрлифтингтен Қазақстан ерлер командасы 412.09 коэффициентпен қола медальді еншіледі.
Команда қатарында Давид Дегтярев, Ерболат Карибай мен Станислав Шакиев өнер көрсетті.
Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында жалпы 48 медаль бар: 12 алтын, 15 күміс, 21 қола.