UFС маған хабарлассын: Камару Усман әлемді таң қалдыратынын айтты
Америкалық аралас жекпе-жек шебері Камару Усман қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен төбелесуге дайын екендігін айтты, деп хабарлайды Sport +.
Бұрынғы чемпион өзінің подкасында UFC 310 турниріне қатысты пікір білдірді.
«UFC аз ғана уақытта октагонға шыға алатын, шынымен мықты, шынымен мінезді және әлемді таңғалдыратын ессіз адамға хабарласуы керек.
Әрине, UFC мұндайда кімге хабарласу керектігін жақсы біледі! Егер маған қоңырау шалса, мен телефонды көтеремін де тез арада бірер мәселені шешіп тастаймыз. Уақытты созбайық», - деді Усман.

Жерлесіміз уақытша атаққа таласуға дайын. Оның промоутері Саят Әбдірахманов та UFС-дің Камарумен келіссөздер жүргізіп жатқанын растады. Енді Дана Уайттың ресми мәлімдемесін күту ғана қалған тәрізді.