Рамазан Оразовтың бұрынғы командаласы «Елімай» сапына өтті
Семейдің «Елімай» клубы 26 жастағы словениялық қорғаушы Май Миттендорфермен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Май Миттендорфер бұған дейін Словенияның «Копер» клубында өнер көрсеткен.
Өткен маусымда Миттендорфер барлық турнирде 27 матчқа қатысып, екі голдың авторы атанды.
Айта кетейік, словениялық қорғаушы «Копер» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовпен бірге ойнаған.