Албания құрамасының экс-футболшысы «Қызылжарға» ауысты
Петропавлдың «Қызылжар» футбол клубы 30 жастағы албаниялық жартылай қорғаушы Лиридон Латифимен бір жарым жылдық келісімшартқа қол қойғанын жариялады.
Лиридон Латифи — Косовоның «Приштина» клубының түлегі. Кәсіби мансабында Албанияның «Скендербеу», «Влазния» және «Тирана», Мажарстанның «Пушкаш Академиясы», Молдованың «Шериф», Сербияның «Шкендия» клубтарында өнер көрсеткен.
Латифи бұған дейін Албания ұлттық құрамасының намысын қорғаған тәжірибелі футболшы.