«Елімай» мәскеулік «Спартактың» түлегін қатарына қосты

«Елімай» мәскеулік «Спартактың» түлегін қатарына қосты

«Елімай» футбол клубы 31 жастағы ресейлік қақпашы Иван Коноваловпен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, хабарлайды Sport+ семейлік клубтың бапасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иван Коновалов — мәскеулік «Спартак» клубының түлегі. Әр жылдары ол ресейлік «Амкар», «СКЧФ», «Астрахань», «Рубин» және «Урал» клубтарында, Сербияның «Раднички» мен «Бачка», Шотландияның «Ливингстон», Әзербайжанның «Тұран» және беларустік «Динамо» Минск клубтарында өнер көрсетті.

Қазақстанда Коновалов 2023–2024 жылдары «Тобылдың» намысын қорғады. Ал биылғы маусымда «Алтай» сапында Қазақстан Премьер-лигасында 14 матч өткізді.