«Ертіс» футбол клубы қос легионермен қоштасты

«Ертіс» футбол клубы қос легионермен қоштасты

Павлодардың «Ертіс» футбол клубы Беларусь қорғаушысы Руслан Хадаркевич пен ресейлік қақпашы Виталий Ботнарьдің командадан кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport+.

33 жастағы Руслан Хадаркевич клубпен өзара келісім негізінде қоштасты. Ол Беларусь футболының түлегі, елдің жоғары лигасында БАТЭ мен Минскінің «Динамо» клубтарын қоса алғанда бірнеше командада өнер көрсеткен. Қазақстандық жанкүйерлерге «Атырау» сапындағы ойынымен таныс.

Биылғы маусымда Хадаркевич павлодарлық клуб құрамында 6 матч өткізді.

Ал 25 жастағы қақпашы Виталий Ботнарь «Ертісте» жалға алу келісімі бойынша ойнаған болатын. Футболшының трансферлік құқығы тиесілі «СКА-Хабаровск» клубы оны өз қарамағына қайтарды.

Ботнарь «Ертіс» сапында 14 матчқа қатысты.