Рамазан Оразов: «Ақтөбеге» қайта оралғаныма өте қуаныштымын
«Ақтөбенің» жаңадан келген ойыншысы Рамазан Оразов клубқа қайтып оралғаны туралы айтып, маусымнан үміттерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Керемет сезімдемін, себебі мен «Ақтөбеде» бір жарым маусым өткіздім. «Ақ-қызылдар» сапына қайта оралғаныма қуаныштымын. Негізгі факторлардың бірі – жанкүйерлер және мұнда өте жақсы команда жасақталып жатыр. Мен барлық жігіттерді білемін, және де клуб маусымға ең жоғары мақсаттарды қойып отыр.
Максим Самородов екеуміз алаңнан тыс жақсы доспыз және үнемі араласамыз, ұлттық құрамада әрқашан бірге тұрамыз. Бұл біздің қарым-қатынасымыздың басты факторы болса керек. Әлі «Тобыл» сапында ойнап жүргенімде, менің атымды айтып, мені күткен жанкүйерлерге рахмет айтқым келеді. Биылғы маусымда қуануға көптеген себептер бар және адамдар стадионға келеді деп сенемін.
Мұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес шығар, мен басқа клубта ойнасам да, жанкүйерлердің есінде қалғаныма өте қуаныштымын. Олар маған деген көзқарастарын көрсетті, мен бұл үшін өте ризамын. Жаттығу жақсы өтіп жатыр, бапкерлермен сөйлестік, таныстық, бәрі жақсы», – деді Рамазан.