«Ақтөбе» директоры Шайхы Оразовтың оралуына байланысты пікір білдірді
«Ақтөбе» директоры Азамат Шайха Sport Plus Qazaqstan тілшісіне берген сұхбатында Рамазан Оразовтың «қызыл-ақтар» сапына оралуы туралы пікір білдірді.
- Біз Оразовты «Копермен» келісімшарты аяқталғанын білген бойда «Ақтөбеге» қайтаруға шешім қабылдадық. Ол біз үшін әрқашан ойыншы ретінде құнды болды. 2022 жылы біздің клубқа Қазақстан чемпионатының күміс медалін жеңіп алуға көмектесті. Жанкүйерлер де оны қайтаруды сұрады. Рамазанның өзі де оралғанына қуанышты. Ол өзін жақсы сезінеді және оны Ақтөбеде әрқашан күтіп, жақсы көретінін біледі, - деді «Ақтөбе» футбол клубының директоры Азамат Шайхы.
«Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады.