logo

Қыздар төрт жүлде жиынтығын сарапқа салады. Әйелдер күресінен Қазақстан кубогының финалдарының тікелей эфирі

Қыздар төрт жүлде жиынтығын сарапқа салады. Әйелдер күресінен Қазақстан кубогының финалдарының тікелей эфирі

27 мамыр күні әйелдер күресінен төрт салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан кубогының финалдық белдесулері өтеді.

50 келі салмақта финалға Светлана Анкичева (Астана) мен Лаура Ғаниқызы (Алматы) жолдама алды.

55 келі салмақта алтын үшін қарағандылық қос балуан — Зульфия Яхьярова мен Ангелина Первухина күш сынасады.

59 келі салмақта елдің үздік спортшысы атағы үшін Диана Каюмова (Астана) мен Виктория Хусаинова (Ақмола облысы) белдеседі.

Ал 62 келі салмақта Қазақстан құрамасының көшбасшысы Тыныс Дүбек (Алматы облысы) Анель Шоқаевамен (Ақмола облысы) финалда жолығады.



Күн шежіресі