logo

Жәмиля Бақбергенова күрес бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты

Жәмиля Бақбергенова күрес бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты

Қазақстанның әйелдер күресі бойынша өкілі Жәмиля Бақбергенова өз салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Sport+ Vesti.kz сілтеме жасап.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол наурыз айында Иорданияның Амман қаласында өткен турнирде Азия чемпионы атанды.

Біріккен күрес әлемі рейтингінде Бақбергенова өз салмағында 51 мың ұпаймен бірінші орында тұр.

Ол 43 мың ұпайы бар Жапониялық әлем және Азия чемпионы Ами Исииден озып түсті. Ал Моңғолиядан Болортунгалаг Зоригт 31,5 мың ұпаймен рейтингтің үздік үштігін түйіндейді.

Айта кетейік, Иорданиядағы бұл жеңіс Бақбергенова үшін Азия чемпионаттарындағы төртінші алтын болды — бұған дейін ол 2020, 2022 және 2023 жылдары да жеңіске жеткен. Сонымен қатар, оның еншісінде үш әлем чемпионатының күміс медалі (2021, 2022, 2024) және бір қола (2023) бар.



Күн шежіресі