Әділет Әлмұхамедов күрестен Қазақстан Республикасы кубогының жеңімпазы (видео)

25 мамырда Астанада еркін күрестен Қазақстан Республикасы кубогының алғашқы финалдары өтті, деп хабарлайды Sport+.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жамбыл облысының атынан өнер көрсеткен Әділет Әлмұхамедов алтын медальді жеңіп алды. Ол финалда Астана өкілі Абзал Өкеновты жеңді.