Әйелдер күресінен бес медаль. Еуропа чемпионатының финалдарының тікелей эфирі

11 сәуір күні Братиславада әйелдер күресінен Еуропа чемпионатында бес финалдық белдесу өтеді, ал 12-13 сәуір күндері еркін күрес шеберлері медальдар үшін жарыс жолына шығады.
Финалдың екінші күнінде қыздар арасында бес салмақ дәрежесінде медальдар сарапқа салынады:
53 келі салмақта финалда румыниялық Андреа Ана мен грек қызы Мария Преволораки кездеседі.
57 келі салмақта Ольга Хорошавцева түркиялық Эльвира Камалоглуға қарсы белдеседі.
62 келі салмақта украиналық Ирина Бондарь швед Йоханна Линдборгтан алтын алуға тырысады.
65 келі салмақта Скандинавия өкілі норвегиялық Грейс Баллен мен молдован қызы Ирина Рингачи белдеседі.
Ал 72 келі салмақта украиналық Алла Белинска түркиялық Несрин Башпен алтын үшін күреседі.
Финалдық белдесулер Астана уақытымен 22:00–де басталады.