Қуаныш Қабдулов «Каспий» бас бапкері қызметінен кетті
Қуаныш Қабдулов «Каспий» бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport+.
Қуаныш Қабдулов бапкерлік мансабын «Атыраудың» бас бапкерінің ассистенті ретінде бастаған. 2022 жылғы маусымда «Тұран» командасында бас бапкердің міндетін атқарушы қызметін атқарған. Ал «Каспийге» осы жылдың шілде айының соңында бас бапкер ретінде тағайындалған болатын.
Бірінші лигада Қабдуловтың жетекшілігімен ақтаулық команда 58 ұпай жинап, лиганың қола жүлдегері атанды.