Александр Мокин: Буффонның рекордын неге жаңартпасқа?!
«Каспий» клубының тәжірибелі қақпашысы, отандық футболдың нағыз аңызына айналған Александр Мокин Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Килиан Мбаппеден қайтарған пенальти, Буффонның рекорды және мансабын аяқтау ойлары туралы айтты.
43-жасар Мокин 2023 жылы ауыр жарақат алғаннан кейін жанкүйерлер қақпашыны мансабын аяқтады деп есептеген еді. Алайда тәжірибелі қақпашы бір жыл өте келе ақтаулық «Каспий» сапына қосылып, жасыл алаңға қайта оралды. Өтіп жатқан маусымда Бірінші лигада өнер көрсететін «Каспий» сапында барлық жарыстарда 9 матч ойнады.
— Александр, ауыр жарақаттан кейін мансабымды аяқтаймын деген ой болды ма?
— Мансабымды аяқтаймын деген ой ешқашан болған емес. Ол үшін жақсы мотивациямен, спорттық мансабыңда әлі де жүріп өтетін жолың болу керек.
— Мансабыңды ақтаулық командада жалғастыруға кім ұсыныс білдірді?
— «Каспий» ФК басшыларының бірі хабарласып, командада мансабымды жалғастыруды ұсынды. Мен клубқа, менеджерлерге және бапкерлер ұжымына сенімі үшін алғысымды білдіремін.
— Джанлуиджи Буффонның рекордың жаңарту мақсатыңызда бар ба?
— Неліктен бұл рекордты жаңартпасқа?!
— Қазақстанның қақпашылар мектебі жайлы ойыңыз қандай? Жас буыннан кімді еліміздің болашағы деп атап кете аласыз?
— Қазақстанда қақпашылар мектебі қалыптасқан және деңгейі де жоғары. Кезінде отандық клубтарда қақпашылар бапкері саусақпен санарлық еді — біз бір-бірімізді жаттықтырып жүретінбіз. Қазір әр командада өз қақпашылар бапкері, физикалық дайындыққа жауап беретін мамандар бар. Жас қақпашлыар жетерлік, ешқайсысын атап айтпаймын. Бір өкініштісі Премьер-лигасда команда құрамдарында ойнайтындары аз. Алдағы уақытта өз клубтарымызда, ұлттық құрамада отандық жақсы қақпашларды көреміз деген ойдамын.
— Футболда сіз жетпеген жетістіктер қалды ма?
— Әрине, әлі де мақсаттарым бар. Амбициясыз, мақсатсыз футбол ойнау мүмкін емес.
— Сіз 20 жылдан астам футболдасыз. Осы уақыт ішінде қандай өзгерістер бар?
— 20 жылдың ішінде елдегі футбол біраз өзгеріске ұшырады. Бірақ, әрине, одан да жақсы болғанын қалаймын. Жақын арада барлығы жақсы болады деген сенімдемін.
— Мбаппенің пенальтиін қалай қайтардыңыз?
— Бұл жайлы менен сұрамаған адам қалмаған шығар. Мбаппе де адам және алаңда ол да қателіктер жібереді. Бәлкім Қазақстанмен ойынға немқұрайлы қараған шығар.