logo

Қазақстан жастар құрамасының жаңа аға бапкері тағайындалды

Қазақстан жастар құрамасының жаңа аға бапкері тағайындалды

Қазақстандық маман Константин Горовенко Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

Аталмыш қызметте Горовенко 2020 жылдың қараша айынан бастап командамен жұмыс істеген Қайрат Нұрдәулетовті алмастарды.

Горовенкоға ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Елдос Ахметов көмектеседі.

Горовенко бапкерлік мансабын «Сұңқар» командасының бас бапкерінің көмекшісі қызметінде бастады. Сонымен қатар алматылық «Қайрат-Жастар» жүйесінде жұмыс істеді. 2017 жылы маман алматылық командамен Бірінші лигада қола жүлдеге қол жеткізді.

2018-2020 жылдары «Жетісу» жастар командасын басқарды. 2020 жылы Горовенко қарағандылық «Шахтерді» бас бапкер ретінде төртінші орынға алып келіп, еурокубоктарға жолдама алды. 2021 жылы атакенттік «Мақтааралды» басқарып, аталмыш команданы Премьер-лигаға шығарды.

Бұдан бөлек Горовенко «Атырау» мен «Каспий» футбол клубтарында қызмет атқарды.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)