logo

ҚФФ Қазақстан құрамасының Австрия және Словенияға қарсы матчтарға арналған кеңейтілген құрамын жариялады

ҚФФ Қазақстан құрамасының Австрия және Словенияға қарсы матчтарға арналған кеңейтілген құрамын жариялады

Қазақстан құрамасының қазан айында өтетін матчтарға шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімі анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қорытынды тізімге 36 ойыншы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Михаил Габышев («Елимай»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әдилбек Жұмаханов («Атырау»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Аслан Дарабаев («Елимай»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Турция), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Андрей Ульшин («Қайрат»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Жан-Әли Пайруз («Елімай»), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (оба – «Астана»), Артур Шушеначев («Сочи», Ресей);

Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-на дейін жалғасады.