Виталий Жуковский: Маған біздің ойын өте ұнады
«Атырау» бас бапкері Виталий Жуковский Премьер-лиганың 21-турындағы «Жеңіске» (2:1) қарсы матчқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Ойын жаман өткен жоқ. Бірінші таймда 0:1 есебімен жеңілсек те, маған бірінші тайм қатты ұнады. Жігіттер бапкерлік тапсырманы өте жақсы орындап, дұрыс орналасып, допты жақсы бақылап, допты жоғалтқаннан кейін де прессингке жақсы шықты. Бұл — спорт, ештеңе істей алмайсың. Стандарттан гол жібердік. Стандарттарға қарсы ешқандай ем жоқ — бірде сен соғасың, бірде қарсыласың. Ерекше ештеңені өзгертпедік, тек үзілісте бір ойыншыны ауыстырдық, солай жалғастыра бердік.
Екінші таймда біз өз мүмкіндіктерімізді пайдаланып, нәтижеге жеттік. Бірінші таймда ешқандай мүмкіндік болмады, ал екінші таймда бір штанга соғылды. Негізгі сәт біздің пайдамызға шешілді. Маған ойынымыз өте ұнады, барлық жарақаттар мен қиындықтарға қарамастан. Жігіттерге респект. Енді бізде Кубоктың финалына дайындалуға бір апта уақыт бар, сонымен айналысатын боламыз», — деді Жуковский.