logo

«Елімай» сырт алаңда жеңіске жетті

«Елімай» сырт алаңда жеңіске жетті

Olimpbet Қазақстан чемпионатының 19 туры аясында «Ақтөбе» өз алаңында «Елімайды» қабылдады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Есепті кездесудің алғашқы минуттарыда Әлібек Қасым ашты. «Ақтөбенің» қорғаушысы пенальтиді сенімді орындады.

Семейлік клуб бірінші таймның соңына дейін қарымта гол соға алды — нәтижелі соққының авторы қорғаушы Самюэль Одеоибо атанды. 

Екінші таймда «Елімайды» алға Аслан Дарабаев шығарды. Кездесудің соңғы минуттарында Роман Муртазаев ойынға нүкте қойды.

Қорытынды есеп — 1:3.